Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алтай Көлгінов халыққа онлайн-режимде есеп береді

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 01:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі 12 ақпанда сағат 10:00-де «Астана» концерт залында өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара онлайн-режимде қала әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланатын болады. Осы әлеуметтік желі арқылы пайдаланушылар алдын ала әкімге сұрақтарды қоя алады.

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы және елордалықтарды барынша қамту үшін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғимараттарында есептік кездесудің онлайн трансляциясы көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, «Астана» концерт залының фойесінде сағат 8:30-дан бастап елорда әкімінің орынбасарларымен, қалалық басқармалар мен қызметтердің басшыларымен бірге халықты қабылдау және кеңес беру бойынша хатшылық жұмысы ұйымдастырылады.

Басты сөздер: Әкім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай