Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын аралап, үлескерлермен кездесті

2019 жылдың 19 маусым 2019 07:51 738

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аралады. Әкім нысандардың құрылыс барысымен танысып, тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әкім Ы. Дүкенұлы, А. Панфилов, Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы  құрылысы жүріп жатқан «Гарант» КТК нысанын аралап шықты. Жалпы ауданы 17,602,80 шаршы метр болатын 330 пәтерге есептелген проблемалы нысанның құрылысын «Азбука жилья» компаниялар тобы 2011 жылы бастаған болатын. Құрылысты аяқтау үшін 2016 жылы нысан «Орда Инжиниринг» ЖШС-ға өткізілді. Үлескерлердің жалпы саны - 168 адам. Нысанды 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап тұрамын. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын» - дедi әкім.



null

Сондай-ақ, әкім Шұбар тұрғын алабының Қалқаман және Наркескен көшелерінің қиылысында орналасқан  «Комфорт de Luxe» ТК құрылыс алаңына барды. Жалпы ауданы 15 734,50 шаршы метр болатын 216 пәтерге арналған тұрғын үй кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған. Бұл нысан бойынша үлескерлердің жалпы саны - 227 адам. Құрылысты 2019 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

 

null

Жоғары қарай