Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Алтай Көлгінов: Құтқарушылар биыл 400-ге жуық адамның өмірін сақтап қалды

2019 жылдың 17 қазан 2019 15:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Құтқарушылар күніне – ҚР Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылуының 24 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаменті қызметкерлері медаль және төсбелгілермен марапатталды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдай кезінде табандылық пен ержүректілік, нағыз батырлық керектігін атап көрсетті.

Алдын ала жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері елордада өрт саны 5%-ке, ал суға батып кетушілер саны үш есеге дейін азайғаны анықталды.

«Сіздер – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, өзгелер қиын да қайғылы жағдайға тап болғанда ең бірінші болып қасынан табылып, жедел әрі батыл қимылдап, көмек көрсетіп, өмірлерін құтқарасыздар. Құтқарушылар қатарында селқос, енжарларға орын жоқ. Сіздер биылғы жылы 395 адамды құтқарып, 460 адамды көшіру жұмыстарын жүргіздіңіздер. Сіздер игілікті іспен айналысасыздар. Сіздердің арқаларыңызда аман сақтаған материалдық құндылығымыз 1,5 млрд. теңгеден асады. Сіздердің жүректіліктеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз үшін, аянбай еткен еңбектеріңіз бен борышқа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Мерекелеріңізбен!» - деді А.Көлгінов.




ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер атап өткендей, республика бойынша құтқарушылар 9 мыңнан астам адамды құтқарған.

Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғимараттардың өрт қауіпсіздігі шаралаларын күшейтіп, қалалық өрт қызметтерін барлық қажетті техникамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Қалада 11 өрт бөлімшелері мен авиа-құтқарушылар отряды бар. Департамент құрылымында 1700 адам қызмет етеді, 160 арнайы техника бар. Биыл 9 арнайы автотранспорт сатылып алынады.

Сонымен қатар Алаш тасжолындағы өрт депосының құрылыс жұмыстары аяқталады және де тағы үш өрт депосын (Ильинка т/а, Көктал және №28 көшесі бойынша) жобалау жүргізілуде. Өрт және құтқарушылар құрылымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында оларға арендалық баспаналар беріледі.







Жоғары қарай