Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Алтай Көлгінов жаңбыр суымен қалай күресетінін айтты

2019 жылдың 23 тамыз 2019 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала көшелеріне жаңбыр суының жиналып қалу проблемасымен қалай күресетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әріптестеріміз жобалық-сметалық құжатын жасады. Енді оны жүзеге асыратын уақыт жетті. Құжатты дайындалды, жобалық шешім қабылданды. Екі жоба бойынша байқау жарияладық. Біріншісі, Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша қазір конкурстық рәсім өтіп жатыр. Жеңімпазды анықтау керек, заң талабы бар. Иманов көшесі бойынша байқау аяқталып, мердігер анықталды. Бұл үлкен жоба. Шамамен 2-3 жылға есептелінген. Жұмыс биыл басталды», - деді қала басшысы елорда әкімдігінде өткен жиыннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, жаңбыр суы жиі жиналып қалатын келесі проблемалы учаске Тұран көшесі саналады. Бұл көшеге қатысты жұмыстар да басталып отыр.

«Қазір біз инфрақұрылымды талапқа сәйкестендіруіміз қажет. Ол жерлерде кәріз коллектрлары бар. Бұл техникалық мәселелер болғанымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен, аталған үшеуінен бөлек 32 нүкте бар. Біз олармен де жұмыс жүргізуіміз керек. Ол болашақтың еншісінде», - деді Алтай Көлгінов.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Құрылыс,
Жоғары қарай