Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Алты облыста күшті жел соғып, найзағай ойнайды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометтің дабылды ескертуіне сілтеме жасап.

21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал.

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні күндіз Атырау қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, тұман түсуі ықтимад. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 1-3 градус суық болады.

21 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Сол күні күндіз Ақтау қаласында найзағай күтіледі, жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Сол күні күндіз өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні күндіз Петропавл қаласында найзағай жарқылдайды.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай