Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Петропавлда тұман түседі.

22 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, ал Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

Өскемен қаласында 22 ақпанда күндіз қар жауады, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.

Семей қаласында да осы күні күндіз қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с.

22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда тұман түседі.

22 ақпанда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

22 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.


Жоғары қарай