Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

«Алтын домбыра» айтысы ұлттық арнадан көрсетіледі

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 11:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбымен Орал қаласында өткен VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы бүгін эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыр додасын «Qazaqstan» арнасы көрсетеді.

«Аламан айтысқа Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Дидар Қамиев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Өміржан Көпбосынұлы, Аруна Керімбек, Жандарбек Бұлғақов, Бекзат Асқаров, Талғат Мықи, Серік Құсанбаев, Шұғайып Сезімхан, Жұлдызай Маратбекова, Біржан Байтуов, Қанат Мырзахан, Бауыржан Ширмединұлы сынды елімізге танымал 20 ақын қатысып, бақ сынады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Көрермен ұлттық арна эфирінен 3-4 қаңтар күндері сағат 15:00-де 1-2 айналымды және 5-қаңтар күні сағат 14:00-де финалдық бәсекені тамашалай алады.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Мәдениет, Әдебиет, Өнер,
Жоғары қарай