Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Амандық Баталов АЭС құрылысы жайлы: Бәрі сөз күйінде қалды

2019 жылдың 19 қараша 2019 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында АЭС құрылысы жайлы ешқандай талқылау да, аралау да болған емес. Өңір басшысы Амандық Баталов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірден айтайын: иә, ол туралы әңгіме болды. Бірнеше нұсқа болғанын да білесіздер. Алматы облысында, Жамбыл өңірінде, Балқаш көлінің маңында – бірнеше нұсқа қарастырылған еді. Тағы бір нұсқа ретінде Шығыс Қазақстан облысы айтылды. Бірақ, бұның бәрі сөз күйінде күйінде қалды. Ешқандай жерді қарастыру, талқылау, арнайы барып жерді көру – мұның бәрі болған емес. Оны ашық айта аламын», - деді Алматы облысының әкімі Орталық комманикациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, осы жылдың сәуірінде Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасының құрылысына қатысты ойымен бөліскен болатын. Мемлекет басшысы ел халқының басым бөлігінің пікірі ескерілместен АЭС құрылысы туралы шешім қабылданбайтынын айтқан еді.

Өз кезегінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қазақстанда атом электр стансасы салына ма?» деген сұраққа жауап беріп, «халық наразы болса, салмаймыз» деген болатын.

Жоғары қарай