Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Әміржан Қосановтың штабы сайлау бақылаушыларына арнап семинар өткізді

2019 жылдың 25 мамыр 2019 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әміржан Қосановтың штабында сайлау бақылаушыларына арналған семинар-тренинг өтті. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы және тренері Асхат Рахымжанов болды, ол бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттер жайлы түсіндірді.

Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтеріп, барлық өзекті сұрақтарына жауап алды.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сайлау 2019, Сайлау,
Жоғары қарай