Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Әр оныншы қазақстандық үшін интернет қолжетімді емес – депутат

2020 жылдың 28 наурыз 2020 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина қазақстандықтардың интернетке қолжетімділігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарарт тілшісі.

«Қазақстандағы цифрландырудың негізі - жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы ел өмірінің барлық салаларын цифрлық түрленуді жеделдетуге мүмкіндік беретін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы. Осы бағдарламаның бес бағытының үшеуі ҚР аумағында жылдам әрі қауіпсіз интернеттің, сондай-ақ сапалы ұялы байланыстың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге қатысты болды. Бұл міндет еліміздегі 117 қалада орындалды, оның ішінде 10,4 млн. тұрғыны бар 88 қала мен 29 ауыл бар. Ал аймақтардағы елді мекендерге қатысты бұлай айта алмаймыз», - деді Майра Айсина ҚР Әділет министрлігіндегі «Ауылдық елді мекендерде Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға қатысты ведомствоаралық комиссия отырысында.

Оның айтуынша, 250 және одан көп адам тұратын 800 ауылда интернет жоқ.

«Елімізді интернетпен қамтамасыз етуге ширек ғасыр кетті. Енді мемлекеттің міндеті – қай жерде тұратынына қарамастан, барлық қазақстандық үшін ІТ технологиясы қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Егер осы қарқынмен жүре берсек, бізге тағы қанша жыл керек екенін болжау қиын болады. Сондықтан барынша қысқа мерзім ішінде еліміздегі 250 және одан көп адам тұратын 800 ауылға интернет қосуымыз керек. 2022 жылдың аяғында 50 және одан көп адам тұратын 885 ауылға интернет қосуымыз керек», - дейді ол.

Демек, соңғы екі жылда халықтың 97%-ын интернет желісіне қосу керек.

«Бүгінгі таңда 720 мемлекеттік қызмет электронды форматта қолжетімді. Бұл қызмет түрлерін интернеті барлар ғана ала алады. Ал қазіргі уақытта әрбір оныншы қазақстандықта мұндай мүмкіндік жоқ», - дейді депутат.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Парламент, Интернет,
Жоғары қарай