Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Әр салада жетістікке жеткен Ақмола облысының белсенді жастары марапатталды

2019 жылдың 1 наурыз 2019 19:27 923

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыстың әр өңірінен жиналған белсенді жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласындағы Неке сарайында өткен шарада аймақ басшысы жастарды әрдайым қолдайтынын айта отырып, жастарды толғандырып отырған өзекті мәселелерін өздерінен сұрап білді.

«Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын - ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Жастар - ел дамуының негізгі факторы. Елбасының «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары осыған бағытталған. Қазақстанның болашағы берік және дамыған 30 елдің қатарына қосылуына Ақмола жастарының үлкен үлес қосатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі.



null

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуында «Жастар - қазіргі заманғы әлемде біздің еліміздің бәскеге сай болуының басты факторы» - деген еді. Мемлекетіміздің болашағы үшін жастарға зор сенім жүктеліп отыр. Бүгінгі күні Ақмола облысында 750 мың тұрғын болса, соның 20 пайыздан астамы жастар. Қазіргі ақмолалық жастар әр салада табысты еңбек етуде. Оларға билік тарапынан барлық жағдай жасалуда.

Кездесуде «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филилының төрағасы Орынбек Сағидолла, «Шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі» облыстық байқуының жеңімпазы Тимур Сәрсенбаев, «World skills Kazakhstan - 2018» 4-ші ұлттық чемпионатының алты медаль иегері, Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледждің 3-ші курс студенті Максим Соколов, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту бойынша жобаның өңірлік үйлестірушісі Тимур Ысқақов, облыс орталығындағы ІТ мектеп-лицейінің 10-шы сынып оқушысы, мұғалімдер үшін тестілеу сайтының авторы Жанарыс Сайранбеков, Көкшетау техникалық институтының курсанты Әділет Серік, «Рух-алдаспан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мерген Тоқсанбай, Шоқан Уәлиханов атындығы Көкшетау университетінің 4-ші курс студенті, «Мәңгілік ел жастары - индустриясы» жобасына қатысушы Әділет Құрманбек, «Феникс» волонтерлер орталығы» өңіраралық қоғамдық ұйымының төрайымы Айым Күшенова, «Шаңырақ» агроөнеркәсіптік холдингінің басшысы Индира Сәденова қатысты.



null

Басқосуда өңір жастары өзара пікір алмасып қана қоймай, еліміздегі жастардың бүгінгі жай-күйі туралы сөз қозғап, облыс әкіміне жастарды жұмыспен қамту, жастардың жобаларын қолдау бойынша бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді. Осы орайда, облыс әкімі Мәлік Мырзалин жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешуге, сонымен қатар, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты ретінде қарастырылатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» сарайы және көпбейінді спорт кешені салынатынын жеткізді.

Шарада әр салада жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, көзге түскен белсенді жастарға сертификат және бағалы сыйлықтар тапсырылып, Алғыс хаттармен марапатталды. Шара жергілікті шығармашылық жастардың концерттік бағдараламасына ұласты.


null



null 

null 

null 

Жоғары қарай