Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Арал колледжіне оқытушы болу үшін 400 мың теңге пара талап етілген

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 11:30

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы білім басқармасына қарасты Арал колледжі директорының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысы білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» МКҚК директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін азаматты «Қызылорда облысы білім басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінді.

«Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», делінген хабарламада.


Жоғары қарай