Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Аралда есірткі еккендер полиция қызметкерлеріне оқ атты

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 18:41

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында есірткі өсімдігін егумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекенінен 120 шақырым қашықтықта орын алған. Полиция қызметкерлері қалың құм ішін аралап келе жатып құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктердің жайқалып тұрғанын анықтады. 6 адам заңсыз есірткі егіп жатқан жерінде қолға түсті. Олардан басқа күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап, полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданды.

«Бой тасалауға тырысқан күдіктілерді ұстау барысында олардың бірі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Ал 36 жастағы екінші күдікті ұсталды. Бүгінгі таңда орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 300-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен және 380-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Онда құрамында есiрткi заты бар, тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру және билік өкіліне қатысты күш қолдану жағдайлары көрсетілген. Сонымен қатар, полиция департаменті табельдік қару қолдану дерегіне құқықтық баға беру үшін қызметтік тергеу жүргізуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бұдан бұрын Қызылордада 8 млн теңгенің мүлкін қолды еткен ұрылар ұсталған болатын.

Жоғары қарай