Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Әрбір төртінші қазақстандық шағын және орта бизнесте жұмыс істейді

2019 жылдың 19 маусым 2019 10:53 538

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда биыл шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 10-2%-ға артып, 1,31 трлн болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік саны жылына 10,5%-ға, заңды тұлға мәртебесі бар шағын компаниялар саны 11,9%-ға артты.

Өткен жылдың соңғы тоқсанындағы статистикаға сәйкес, ШОБ саласында 3,27 млн адам еңбек етеді. Бұл - елдегі жұмыс жасап жатқан халықтың 37,5%.

Аталған секторда өнім көлемі 26,5 трлн теңгеге жетті. Республиканың жалпы ішкі өнімінде ШОБ субьектілерінің маңызы  артып келеді.

Мамандардың айтуынша, аталған саланың қарқынды дамуы үшін тиімді несие бағдарламасы  керек. Алайда, ШОБ-қа несие беру көрсеткіші төмендеп келеді. Биыл мамыр айында осы салаға 2,22 трлн теңге несие берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға төмен.

 

 

Жоғары қарай