
Таразда ұрланған көлік иесіне қайтарылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында 15 қаңтар күні түнгі сағат 21:30 шамасында «102»-ге Volkswagen Golf маркалы көлікті белгісіз біреулер айдап кеткені туралы ақпарат түскен болатын. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде көп ұзамай күдікті құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астаналық клиникаға ауырсыну синдромдарын емдеуге арналған құрал-жабдық әкелінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - №1 қалалық ауруханада нейрофизиологиялық интраоперациялық мониторинг жүйе аппараты таныстырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Бұл аппарат қалалық стационарларда бұрын-соңды қолданылмаған болатын.

Қазақстандық көкпаршы Қырғызстанда «Көкпардың үздік ойыншысы» атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласында Қазақстан Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гималай асқан қазақтар жайлы кітап қазақ және орыс тілінде жарыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын тарихшысы Годфри Лайастың 1956 жылы Лондонда жарыққа шыққан Kazak Exodus кітабы қазақ және орыс тілінде басылып шықты. Бұл туралы Фейсбук парақшасында бірнеше кітап авторы, «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында пәтер тонаумен айналысқан 128 топ құрықталған
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында былтыр пәтер тонаумен айналысқан 128 топ құрықталған. Жалпы өңірдегі барлық тіркелген қылмыстардың ішінде негізгі үлес бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты болып отыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінде өткен жиынның барысында мәлім болды.

Медсақтандыру бойынша 18 жасқа дейін балалар тісін тегін емдете алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне енген қатысушылар қандай медициналық көмекке тегін қол жеткізе алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай