Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67
Агроөнімдердің экспорты, шекті баға: Қазақстанда азық-түлікпен қамту қалай жүргізілуде НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты Қазақстан халқына арнаған үндеуінде бағаға мемлекеттік реттеу жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті тізбесін бекітуді тапсырды. Өңірлердің әрбір әкімі бірінші кезектегі сұранысқа ие тауарлардың бар-жоғын нақты есепке алуды жолға қоюы керек. Бірінші кезекте қажетті азық-түліктерге қатысты дүрбелеңге, байбаламға жол бермеу қажет. Өңірлердің әкімдері тауарлардың өңіраралық тасымалын бақылау және жергілікті тапшылықты болдырмау үшін өзара іс-қимылды ретке келтіруі тиіс. Жеткілікті қордың болуын қамтамасыз етіп, оларды сөрелерге жеткізу тетіктерін пысықтап, бағаның өсіп кетпеуін қатаң бақылап, алыпсатарлыққа жол бермеу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ары қарай
Жоғары қарай