Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Архимед Мұхамбетов интернет жетіспеушілігі туралы: Бұл мәселемен кешенді түрде айналысамыз

2019 жылдың 18 қараша 2019 21:11

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл ҚР Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының II кезеңі аяқталады. Оның бастапқы қорытындысына арналған кеңейтілген мәжілісте облыстық білім басқармасының бастығы Василий Цымбалюк өңірдегі атқарылған істерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің айтуынша, 2016 жылдан бері мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 66,2 млрд теңге жұмсалған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99,7% -ке жеткен. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 4,5% -ке жоғары (республикада-95,2%). Облыс аудандары мен қалалары арасында Рудный мен Денисов ауданында ғана осы жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен жүз пайыздық қамту мәселесі мәз емес.

«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бағытталған төрт жылда жалпы саны 2 750 орындық балабақша пайдалануға берілді. Оларға 2 200 бала орналастырылды. Саланы дамытуға бизнес-құрылымдардың ресурстары белсенді түрде тартылды. Облыстағы әрбір үшінші балабақша және мектепке дейінгі әрбір бесінші мекеме жеке меншіктің үлесіне тиесілі. 2016 жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жалпы сомасы 1 млрд теңге көлемінде 16 келісімшарт жасалған. Яғни, өңірде осынша балабақша пайдалануға берілді деген сөз. Бұл қосымша 1 858 баланы орналастырып, 200-ден астам мұғалімнің жұмысқа тұруына септігі тиді», - дейді басқарма басшысы.

Жиында сондай-ақ, облыс білім ошақтарын ІТ-бөлмелер және кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан, қала басшыларына мәселені жіті бақылауда ұстауды міндеттеді. Сондай-ақ, орынбасарларына кең жолақты интернетке қолжетімділікті арттыруды тапсырды. Себебі, аймақтағы 498 мектептің 56-да интернет жоқ.

«Төменгі көрсеткіш Науырзым ауданында. Аудандағы 10 мектептің 3-еуі ғана кеңжолақты интернетке қосылған. Бейімбет Майлин ауданында 26 мектептің тең жартысында интернет жоқ. Басқарма мәліметі бойынша аталған мектептерді ғаламтор желісімен жабдықтау үшін 252 млн теңге қажет. Ал облыс мектептеріне 5 850 компьютер сатып алуға 1 млрд теңге қаражат жұмсалады», - дейді В.Цымбалюк.

Өңір басшысының айтуынша, білім саласына қаржы бөлу алдағы үш жылға жіктеледі. Бірінші кезең 2020 жылы басталады.

«Бұл мәселемен кешенді түрде айналысу қажет. Бүгін-ертең шешіле қоймайды. Компьютер сатып алынса, интернет қосу жеңілге түседі. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені оңтайландырды. Ал білім басқарамасына қиындық туғызады. Себебі, интернет тұтынушылары көп. Проблема менің бақылауымда болады», - деді облыс басшысы.

Жоғары қарай