Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Архимед Мұхамбетов «КамАЗ» компаниясының басшыларымен кездесті

2019 жылдың 9 шілде 2019 23:00

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресейге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған делегация барды.

Сонымен қатар, қазақстандықтар құрамында «БРК-Лизинг» АҚ Басқармасы, Қазақстан АвтоБизнесі Ассоциациясының өкілдері бар.

«Қостанайлық топ Татарстан Республикасы мен Ресейдің Свердлов облысының өнеркәсіптік мекемелерінде болды. «КамАЗ» фирмасының бас директоры Сергей Когогин қазақстандық меймандарға автокөлік зауытының машина құрастыру конвейерімен таныстырды. Бұдан соң «КамАЗ» компаниясының ғылыми-техникалық орталығында автокөліктер көрмесі ұйымдастырылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.

Сапар нәтижесінде «КамАЗ» компаниясы мен Қостанай әкімдігі екіжақты қосалқы бөлшектері шығарылмақ. Жұмыс сапары әлі жалғасады, бүгін делегаттар Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына барады.




null

Жоғары қарай