Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Архимед Мұхамбетов жас әнші Ержан Максимге «Жас өркен» сыйлығын тапсырды

2019 жылдың 23 мамыр 2019 17:08 783

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда республикалық дарынды балаларға арналған «Жас өркен» сыйлығы тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік «Голос Дети» байқауының финалисі Ержан Максим Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолынан «Жас Өркен» сыйлығын алды.

«Ержан Максим -біздің жас жұлдызымыз. Бұл сөзді ҚХА кезекті сессясында атақты Әлібек Дінішевтің өзі айтты. Расымен, Ержанды қазақтың әлемдік деңгейдегі әртісі деп есептеуге болады.  Оған Димаштың жолын берсін деп тілеймін»,- деді облыс басшысы.

Ержан Максим «Жас өркен» сыйлығының «Жыл қалауы» аталымында жеңімпаз деп танылды. Шараның ұйымдастырушыларының бірі Әлібек Байнешовтің сөзінше, мұндай шешімге қоғам белсенділері түрткі болған. Әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнамалардың нәтижесінде, Ержанды бұл сыйлыққа халықтың 91 пайызы ұсынған.

Сонымен қатар жас әншіге Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер алғыс хат тапсырды.

Бүгін Ержаннан бөлек «Жас өркен» сыйлығы  «Жас зерттеуші», «Жас дарын», «Жас толағай», «Жас патриот», «Жас эколог», «Жас қанат», «Жас биші», «Жас қалам», «Жас блогер», «Үздік ерікті» «Жас ақын», «Жас суретші», «Жас музыкант» және тағы басқа номинациялар бойынша жас дарындарынға берілді. Биыл 14 номинация бойынша республикадан 300-ге жуық өтініш келіп түскен.



null 

 

Жоғары қарай