Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Арменияның Ехегнадзор қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 08:12

ЕХЕГНАДЗОР. ҚазАқпарат – Арменияның Вайоц Дзорск облысының Ехегнадзор қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Вайоц Дзорск облысының әкімшілік орталығы - Ехегнадзор қаласында Вайоц Дзорск және Котайкск облыстарындағы (Паруйра Севак к., 4/04) Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Ашылу рәсіміне Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев, құрметті консул Арам Абраамян, облыс әкімшілігінің, сондай-ақ орталық басқару органдарының өкілдері қатысты.





Құрметті консулдық Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, екі елдің бизнес қоғамдастық өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етуге баса назар аударатын болады.

«Құрметті консулдықтың қызметіне, бірінші кезекте, Арменияда жүрген Қазақстан азаматтарына ғана емес, сонымен бірге Армения азаматтарына да консулдық-құқықтық көмек көрсету жатады. Олар бизнес және мәдениет салаларында кез келген ақпаратты, сондай-ақ қазіргі Қазақстан туралы жаңа білім ала алады. Бұдан бөлек, құрметті консулдық біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық және экономикалық байланыстарды дамытуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті ашылу рәсімінде Елші Т.Оразаев.





Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі басты мәселе - сауда қатынастарын дамыту болып қала береді. Елші құрметті консулдықтың орналасқан жерінің кездейсоқтық еместігін атап өтті. Вайоц Дзорск және Котайкск облыстары - Арменияның қуатты өндірістік және өнеркәсіптік әлеуеті бар аймақтары, олардың географиялық орналасуы да қолайлы.

«Біздің басты міндетіміз - Армениядағы Қазақстанның елшілігінің саясатын бауырлас халықтар арасындағы екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін бере отырып, жалғастыру. Біз логистикалық мәселелерді оңтайландырамыз және Армения өңірлеріне Қазақстан мәдениетін таныстыруды көздеп отырмыз», - деп атап өтті құрметті консул Арам Абраамян.









Жоғары қарай