Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

«АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында кенші көз жұмды

2019 жылдың 18 қараша 2019 11:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Қазақстан» шахтасында кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасының қазандығына қызмет көрсететін шебердің өлі денесі табылды. Айта кету керек, аталмыш қазандық жер бетінде орналасқан.

Компанияның баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады. Қайғылы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 8 қарашада атплмыш компанияның қарамағындағы «Саран» шахтасында тағы бір кенші қаза болған.

Жоғары қарай