Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Аружан Саин Түркістан облысында тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығуына қатысты түсініктеме берді

2019 жылдың 17 тамыз 2019 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы жазғы лагерьде тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығу фактісіне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 тамыз күні жоғарыда аталған балалар суға түсіп шыққаннан кейін 2001 жылы дүниеге келген тәрбиеші суға түсіп жатқан душты сығалап қараған. Байқап қалған тәрбиеші ашуланып, оларды ұрып, тепкен. Бұл оқиғаны балалардың бірі видеоға түсіріп, WhatsApp қосымшасы арқылы топқа жіберген», - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, топтың белгісіз қатысушысы видеоны ата-аналарға жіберген.

«Кәмелетке толмағандар фактіні жоққа шығарып отыр. Демалушылардың ата-аналары шақырылды. Сырттай қарағанда кәмелетке толмағандарда көзге түсетін зақым жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті Төле би аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды тіркеу кітабында тіркелген, тексеру жүріп жатыр», - деді ол.

А.Саин ақпаратты Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың бергендігін атап өтеді.

Бұған дейін«Сұңқар» демалыс орнында балаларды соққыға шыққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай