Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Арыс қаласы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіледі - Энергетика министрлігі

2019 жылдың 24 маусым 2019 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Энергетика министрлігінің жіті бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлері Арыс қаласындағы негізгі мұнай өнімдерін жеткізушілермен және ірі жанармай бекеттерінің басшыларымен тұрақты байланыста. Қажет болған жағдайда, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесі бойынша органдар Түркістан облысы әкімдігі арқылы Арыс қаласына жанар-жағармайдың қосымша көлемін жөнелтуді ұйымдастырады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, тиісті құрылымдарды қамтамасыз ету үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті екендігін атап өтілген. Онда бензиннің 30 мың тонна, дизель отынының 5,5 мың тонна қоры бар.

Жоғары қарай