Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Арыс қаласында 1 172 үй қалпына келтірілді

2019 жылдың 16 шілде 2019 16:39

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 15 шілдедегі жағдай бойынша 1 172 үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, жөндеу жұмыстары 4 504 жеке тұрғын үй құрылысы және көппәтерлі тұрғын үй нысандарында жүргізіліп жатыр.


Қаланы қалпына келтіруге 197 құрылыс компаниясы, 3 159 құрылысшы жұмылдырылған. Қаланың 17 секторында 250 арнайы техника жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтіріліп жатыр, онда 1 746 құрылысшы жұмыс істейді.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін жөнделуі тиіс.

Жоғары қарай