Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыс қаласында 1620 тұрғын үй жөнделді

2019 жылдың 20 шілде 2019 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мәліметінше, Арыста 1620 үй қайта қалпына келтірілген. Қазіргі таңда құрылысшылар 4798 жеке және көпқабатты тұрғын үйде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыстың тұрғын үй қорын 7136 құрылысшы қалпына келтіруде. Олардың қатары күн санап артып келеді (бір күн бұрын 7037 жұмысшы болған). 17 секторда 213 құрылыс компаниясы еңбектеніп жүр. 269 арнайы техника тартылған. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық зақымданған және құлаған нысандар 1 тамызға дейін қолданысқа берілуі керек.

Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік нысандарын қайта қалпына келтіру ісіне 1941 құрылысшы тартылған.

Еске салайық, Арыстағы полигонда болған жарыстан 66 ғимарат зардап шеккен еді (52 білім нысаны, 8 медицина мекемесі, 4 спорт нысаны және Даңқ аллеясы). Төрт нысан қайта салынып, белгіленген уақытта пайдалануға беріледі.

Құрылыс барысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев күн сайын мониторинг және бақылау жүргізіп отыр.

Жоғары қарай