Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Арысқа көмек: Шымкент қаласының даму қоры арнайы шот ашты

2019 жылдың 25 маусым 2019 19:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кешегі Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты Шымкент қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіп, қол ұшын беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғындарының толассыз сұраныстарына сәйкес, Арыс қаласы тұрғындарына көмек көрсету мақсатында «Шымкент қаласының даму қоры» қоғамдық бірлестігінің жеке шоты ашылды.

«Арыс қаласының тұрғындарына қайырымдылық жасап, көмек көрсетемін деген азаматтар болса осы есеп шотқа қаржы аударуларыңызға мүмкіндіктік бар.Қаражаттың барлығы жинақталып, зардап шеккен азаматтарға үлестірілетін болады,- делінген қордың хабарламасында.

Басты сөздер: Жақсылық жаса, Арыс, Шымкент,
Жоғары қарай