Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

Арыста 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде – министрлік

2019 жылдың 4 тамыз 2019 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамыздағы жағдай бойынша Арыста 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етіп жатыр.

Олардың басым бөлігі әскери полгонда болған жарылыстан толықтай бұзылған 413 үйді қайта салып жатыр, деп хабарлады ҚР Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бригаданың 17 секторында жеке тұрғын үй құрылысы мен көп пәтерлі тұрғын үйлерде 2 мың нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша, 6,5 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл зардап шеккен Арыс тұрғын үй қорының 90% құрайды.

Еске салайық, жуырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы құрылыс және залал келген үйлер мен әлеуметтік, инженерлік нысандары жөндеу жұмыстарымен танысып шықты.

Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша, қалған жеке үйлердің жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары – 20 тамызда бітуі керек. Сондай-ақ, 20 тамызға дейін барлық әлеуметтік нысандар тапсырылуы шарт.




Жоғары қарай