Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Арыста «Altyn kúz - 2019» облыстық спартакиадасы өтті

2019 жылдың 12 қараша 2019 13:44

АРЫС. ҚазАҚпарат - Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Altyn kúz-2019» облыстық спорттық сайысы өтті. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шараға Түркістан облысындағы аудан-қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.







Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда шағын футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.

Тартысты додада волейболдан І орынды - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды - Созақ ауданы, ІІІ орынды - Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орын - Арыс қаласы, ІІ орын - Созақ ауданы, ІІІ орын - Мақтарал ауданына бұйырды. Шағын футболдан І орынды - Жетісай ауданы, ІІ орынды - облыстық ветеринариялық лабораториясы, ІІІ орынды - Сайрам ауданы жеңіп алды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.













Жоғары қарай