Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Арыста медицина қызметкерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті

2019 жылдың 8 қазан 2019 20:40

АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласында көпбалалы және тұрмысы төмен медицина қызметкерлеріне арналған «Қысқа дайындық» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған шарада медбикелер мен тазалық қызметкерлеріне азық-түлік себеті мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
















Акция барысында Арыс қалалық орталық ауруханасында жұмыс істейтін 20 қызметкерге көмек көрсетілді. Бұл қызметкерлердің қатарында көпбалалы аналар мен пәтер жалдап тұратын, жалғыз өзі балаларын асырап отырған және жарылыс кезінде үйлеріне зақым келген қызметкерлер бар. Медицина қызметкерлерінің «DENSAULYQ» кәсіподақ ұйымы басшылығы алдағы уақытта да жарылыс болған қаладағы медицина қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетеміз деп отыр.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмекке ризашылығын білдірді.










Жоғары қарай