Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыста жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 20 қараша 2019 21:45

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Қала әкімі Мұрат Қадырбектің төрағалығымен өткен басқосуда қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі мен мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржылардың нысаналы пайдаланылуы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында қала басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуын қадағалау керектігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықтан адал қоғам құру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екені белгілі. Ал, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар, мемлекеттік орган мен оның басшысы жұмысының тиімділігін бағалауда маңызды критерий болып табылады», - деді Мұрат Қадырбек. Комиссия отырысында сондай-ақ, қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысып, баяндама жасады. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Шойнахов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары К.Ділдәбекова, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Ғ.Садықов, ішкі саясат бөлімінің бас маман-баспасөз хатшысы Ш.Нұртазаевалар күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын атап өтті. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.




Жоғары қарай