Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Арыстағы апат: Алматы вокзалында пойыздар кестелерінен кешігуде

2019 жылдың 25 маусым 2019 13:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Алматы-Манғышлақ, Алматы-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойыздарының кестесі бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл пойыздар бүгін 13.00 мен 15.00 аралығында жолға шығатын болды.

Осыған байланысты Алматы темір жолы вокзалында бөгелген жолаушыларды орналастыру, ауызсумен, тамақпен қамту үшін арнайы штаб құрылды.

Оқиға орнында жедел жәрдем каретасы кезекшілік етіп жатыр. Жолаушылардың талабы бойынша жол билеттерінің құны қайтарылуда.

Мұның алдында Арыс қаласындағы жарылыстың кесірінен елімізде 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. https://www.inform.kz/kz/arys-askeri-bolimnin-koymasynda-kuatty-zharylys-boldy_a3541185

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетіндігіне уәде берді.

Жалпы кешегі аласапыран кезде мыңдаған ата-ана баларынан көз жазып қалған болатын. Қазіргі уақытта олардың барлығы да балаларымен қауышты, барлығы дін-аман.

Алматыда «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Таратылған хабарламада гигиеналық заттар, консервілер, жарма, су, балалар киімі, орамал, жамылғылар, көрпелер қажет делінген. Жинақ пункті Абылай хан көшесі, 79 мекенжайы бойынша ашылды. Пункт тәулік бойы ашық болады.

Сонымен қатар, «Мен - алматылықпын» қозғалысының белсенділері де гуманитарлық көмек қабылдайтын бекет құрды. Ол «Altyn Arystan» у-шу мектебінде, Жандосов көшесі, 55/3, (7 701 985 06 08) мекенжайында орналасқан.

Айта кетейік Қазақстанда «Арыспен біргеміз» акциясы бастау алды.

Жоғары қарай