Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыстағы апат: ҚР БҒМ эвакуацияланған балаларға қатысты жаңа мәліметтер ұсынды

2019 жылдың 25 маусым 2019 09:11

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы апат салдарынан эвакуацияланған 1149 бала ата-анасымен қауышты. 15 бала туыс-туғандарына әзірге тапсырылған жоқ. ҚР Білім және ғылым министрлігі 25 маусым, таңертеңгі уақыттағы жағдайы бойынша осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысындағы төтенше жағдай бойынша облыстық штаб құрылып, тұрғындарды басқа жерлерге орналастыратын 48 орталық ашылды. Жалпы, Арыс қаласы мен ауылдарда 40 мектеп (18399 бала), 50 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс атқарады (5071 бала). Қауіпті аймақта 13 мектеп (11377 бала), 6 мемлекеттік, 23 жекеменшік балабақша (3278 бала) орналасқан. Олардағы балалардың барлығы қауіпсіз жерлерге көшірілді», - делінген министрлік ақпаратында.

Алты ауданда (Шымкент, Түркістан қалалары, Сарыағаш, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Отырар ауданы) орта мектеп, колледж, балабақша, мектеп-интернаттарға эвакуацияланған азаматтарға барлық жағдайлар жасалған. Тұрғындар ауыз сумен, ыстық тамақпен, төсек орындарымен, киім-кешекпен және жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді.

«Барлық 48 орталыққа жалпы саны 3860 адам, оның ішінде, 0-мен 18 жас аралығындағы 914 бала жеткізілді. Бүгінгі ақпарат бойынша, 1149 бала ата-аналарымен қауышты. 15 бала әзірге ата-анасына берілген жоқ. Әр орталықта педагог-психологтар жұмыс жасап жатыр. Барлығы 158 педагог-психолог тартылды. Штаб жұмысын тәулік бойы атқарып жатыр. Осы бағытта жұмыстар әлі де жалғасады», - деді ведомстводан.

Жоғары қарай