Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Арыстағы апат: Қызылордада жолаушыларға тегін тамақ берілді

2019 жылдың 25 маусым 2019 12:05 552

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арыстағы төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы теміржол станцияларында кідірген жолаушыларға түрлі көмектер көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы теміржол станцияларында  кідірген 5 пойыздағы 1200-ге жуық жолаушыға ыстық тамақ пен салқын су тегін таратылды. Сондай-ақ,  15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

Ал «Мәскеу-Бішкек», «Атырау-Алматы» бағытындағы екі жолаушы пойызы «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына жол тартты.

null 

Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты Сексеуіл станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.

null 

Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларға қызмет көрсетілді.

Айта кетсек, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов басшылық ететін жедел штаб құрылды. Жедел штаб кез-келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын.

 

 

Жоғары қарай