Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Арыстағы апат: Тәулік ішінде астаналықтардан 100-ден астам қоңырау түсті

2019 жылдың 25 маусым 2019 12:44 494

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың төтенше жағдайлар департаментінің жанынан құрылған шұғыл желіге тәулік ішінде 100-ден астам қоңырау түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, елордадағы шұғыл желі 24 маусым күні сағат 11.00-ден бастап жұмыс істеп тұр.

«Нұр-Сұлтан қаласында тәулік бойы психологтарды тарта отырып шұғыл желі ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтап, үрейге жол бермеуге шақырады. Алаңдатқан сұрақтар бойынша шұғыл желінің  8(7172) 24-51-71, 24-52-15, 24-51-47 нөмірлеріне хабарласуға болады», - делінген департамент дерегінде.

Ресми ақпаратқа қарағанда елорда тұрғындарынан түскен қоңырулардың сипатын бірнеше сауалға бөліп топтастыруға болады. Тұрғындардың бір бөлігі төтенше жағдайдың барысы мен ауқымы қандай екенін білу үшін хабарласса, енді бірі апат аумағында қалған қарт адамдар, кәмелетке толмаған балалар, тасымалдауға келмейтін науқастар мен  мүгедектердің бар-жоғын білгісі келген. Ата-анасынан ажырап қалған балаларды эвакуциялаған бекеттердің мекенжайына байланысты да ондаған сауалдар қойылып, шұғыл желі мамандары жауап берген.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Жарылыстан екі адам мерт болды

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

 

 

Жоғары қарай