Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Арыстағы темір жол депосы қоймасынан өрт шықты

2019 жылдың 11 шілде 2019 17:54 1081

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында темір жол депосы қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс қаласындағы темір жол депосының ТЧЭ  32 цехында өрт шықты.  Барлық өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтауға жұмылдырылды. Өртті сөндіруге ТЖҚ жеке құрамынан 55 адам мен 8 техника тартылған. Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына вагондарды жөндеу кезінде дәнекерлеу құралын дұрыс пайдаланбау себеп  болған. Өрттен қала тұрғындарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайды мамандар бақылауына алған»,- деді Сәкен Қалқаманов.



null 

null 

null 

 

Жоғары қарай