Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Арыстағы үйлер қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі - Асқар Мамин

2019 жылдың 25 маусым 2019 09:31 667

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстағы жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, комиссия Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға залалды анықтайды. Тиісті шешімдер қабылданып, қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады. Бүкіл ел қиындықты еңсеруге атсалысуда. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бастамасын қолға алды», - деді Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.

 

 

 

Жоғары қарай