Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Арыстағы жарылыстан 11 адам зардап шекті

2019 жылдың 24 маусым 2019 14:24 2061

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы жарылыстан 11 адам зардап шегіп, Шымкенттегі ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен.  Оның 6-уы  түрлі дене жарақатын алған,  қалғандарын дәрігерлер  тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Басқа мәліметтер қосымша хабарланатын болады», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына байланысты жағдайды түсіндірді.

Бүгін  Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да  жарылыс болды.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер жоқ.  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

 

 

 

 

Жоғары қарай