Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Арыстың барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 16:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Арыс қаласындағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар білім ұяларының табалдырығын аттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһардағы И.Журба атындағы жалпы орта мектепте өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев қатысты.














Бүгін Арыс қаласында 2500-ге жуық оқушы 1-сынып табалдырығын аттаса, Түркістан облысы бойынша 56 506 балдырған мектепке алғаш барды. Облыста жалпы саны 488 520 оқушы білім алады.








Өңірде 1 қыркүйекте жаңадан 7 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 15 мектеп пайдалануға беріледі.
«Айта кетерлігі, Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен »Самұрық - Қазына« ҰӘҚ» АҚ айналысуда. Компания өңірдегі 16 орта мектепті 100 пайыз қалпына келтіріп, оқу жылына дайындап үлгерді. Бүгінгі таңда Арыс қаласында қалпына келтірілуі тиіс 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63-і пайдалануға берілген. Қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылатын болады», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.












Жоғары қарай