Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Ашхабадта ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының форумы өтеді

2019 жылдың 9 мамыр 2019 21:58 1145

АШХАБАД. ҚазАқпарат - 15-16 мамыр күндері Ашхабадта ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XIV форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

Форумға Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 200-ден астам делегат келетіні жоспарланған. Сондай-ақ оның жұмысына Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қатысуы күтіледі.

Шараның тақырыбы - «Достастықтың ортақ гуманитарлық кеңістігі: мәдениет, ғылым және білім салаларындағы диалог».

Пленарлық отырыстар мен салалық секцияларда ғылым, білім және өнер қайраткерлері кәсіби өзара әрекеттестіктің түрлі аспектілерін талқылайды. Кітап пен оны оқуды дамыту ТМД-да Кітап жылының өтуіне байланысты делегаттардың басты назарында болады.

Сондай-ақ форум барысында ТМД-ның «Достастық жұлдызы» атты басты мемлекетаралық сыйлығымен лауреаттарды марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шара ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ықпалдастық қорының және Түрікменстан Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді.

 

 

 

Жоғары қарай