Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

АШМ басшысы нан қаншалықты қымбаттайтынын айтты

2019 жылдың 14 қазан 2019 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы қаншаға қымбаттайтынына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нанның қымбаттауы жайлы... Менің ойымша, нан бағасы өседі. Бірақ, бұл шамалы деңгейде ғана өсуі керек. Нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу үшін біз қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады», - деді Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ол өз сөзін нақты сандармен келтірді.

«Баға аймақтарға байланысты. Қазір нан бағасы 75-85 теңге шамасында. Менің болжамым бойынша, нан бағасы 80-82 теңгеге барып қалуы керек», - деді министр.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрағанын мәлім еткен болатын. Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин жиналған егінді сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді жұмсауды жүктеді.

Жоғары қарай