Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

АШМ ескі техникаларды есептен шығармай отырған өңірлерді атады

2020 жылдың 21 ақпан 2020 11:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында есептен шығару қарқыны төмен болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес АӨК-тегі еңбек өнімділігін 5 жыл аралығында кемінде 2,5 есе ұлғайту қажет. Өнімділікті бірінші кезекте аграршыларды техникалық қайта жарақтандыру арқылы арттыру қажет. 2019 жылы ең төменгі технологиялық деңгей 6 пайыз болғанда жаңартудың орташа деңгейі 4 пайызға жетті. Қарағанды (4,6%), Ақмола (4,5%), Жамбыл (4,4%), Шығыс Қазақстан және Ақтөбе (4,3%) облыстарының техниканы жаңарту деңгейінің қарқыны жақсы екенін атап өту қажет. Әйтсе де Алматы және Түркістан облыстарында техниканы жаңартудың төмен қарқыны байқалады (2,8% және 1,8%)», - деді вице-министр ведомствоның алқа мәжілісінде.

Айдарбек Сапаров, сонымен қатар, республика бойынша есептен шығаруға жататын ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жоғары деңгейі байқалады. Бұл машина-трактор паркін жаңарту қарқынын төмендетеді.

«Аталған бағытта Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары жұмыстарын көрсетті. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында есептен шығару қарқыны төмен. Тозу деңгейі 80 пайызды құрайтын ескі техниканы есептен шығармай, жаңарту деңгейін көтере алмаймыз. Өйткені сатып алынатын техника жалпы парктің ішінде көрінбейді», - деді ол.


Жоғары қарай