Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

Асқар Ақаевтың отбасына қылмыстық істердің қозғалуына түсінік берілді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 18:31

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасыелдің экс-президенті Асқар Ақаевтың отбасы мүшелері, туыстары мен жақын таныстарына қатысты қылмыстық іс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпараттарға түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік комиссия деректеріне сәйкес, құқыққорғау органдары 2005 жылдың сәуірінен бастап Ақаевтың отбасы мүшелері, туыстары мен оның жақындарына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғаған.

Мәселен, мемлекетке миллиондаған сомада залал келтірген Майрам Ақаева басқарған «Мээрим» қорына, Айдар Ақаев, Әділ Тойгонбаев және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істер қозғалған. Кейбір қылмыстық істер бойынша сот үкімі шығарылды.

Бас прокуратура президенттің жұбайы Майрам А қ аева басқарған «Мээрим» қайырымдылық қорының қызметіне жүргізілген тексер іс нәтижелері бойынша, 30-дан астам қылмыстық іс қозғаған. Қор мемлекетке 64 млн сом залал келтірген. Мемлекеттің меншігіне ондаған ғимарат пен басқа да мүліктер қайтарылды.

Ас қ ар А қ аевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойгонбаев сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді және 166 (алаяқтық), 188 (монополистік әрекет және бәсекелестікке жол бермеу) және 213 (салық төлеуден жалтару) баптары бойынша кінәлі деп танылды. Бұдан бөлек, сот оны «Манас» халықаралық әуежайы» ААҚ пайдасына 677,291 миллион сом ($10 миллион) өтемақы төлеу ді міндеттеді.

Бұрынғы президенттің ұлы Айдар А қ аевтың үстінен 4 қылмыстық іс қозғалды. Оның келтірген залалы $3 миллион шамасында. Тағы 11 қылмыстық іс бойынша оның кінәсі дәлелденіп отыр.

«Ас қ ар А қ аев пен оның отбасы атышулы оқиғадан кейін Қырғызстаннан қашып кетуіне байланысты, олар жасаған қылмыс аясында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Сондай-ақ, мына тұлғаларға халықаралық іздеу жарияланды: ұлы Айдар А қ аев, күйеу баласы Әділ Тойгонбаев және басқа да туыстары», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес, қылмыскерлер қылмыс жасалған жерде жазаға тартылады. Қырғыз Республикасының азаматтары саналатын тұлғаларға басқа мемлекеттің азаматтығы ның берілуі заңсыз деп танылады. Елдің құқыққорғау органдары Қырғыз Республикасының заңнамасы және ұлттық мүддені қорғау аясында тергеуді жалғастырып жатыр.

Жоғары қарай