Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Асқар Мамин елордада өтіп жатқан ғарыш форумына қатысты

2019 жылдың 12 қараша 2019 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы «Роскосмос» корпорациясының басшысы Д. Рогозинмен және «One Web» компаниясының қаржы директоры Т. Уэйнмен кездесулер өткізді, олармен Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері талқыланды.




«Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Қ. Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамытуға және оны алдыңғы қатарлы стандарттарға сәйкестендіре отырып, жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі», — деді А. Мамин Форумның ашылуында.

Үкімет басшысы әлемнің алғашқы ғарыш айлағы өзінің дамуының жаңа кезеңі қарсаңында екенін, бұл күштерді, идеяларды және серіктестік қолдауды шоғырландыруды қажет ететінін атап өтті.

«Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Франция кәсіпорындарының кооперациясы аясында түрлі мақсаттағы спутниктерді құрастыруға және сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру аяқталуға жақындап қалды. Бұл жоба тұрақты және ұзақ мерзімді қазақстандық-француз өнеркәсіптік кооперациясына арналған», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр қазақстандық кәсіпорындар мен ведомстволардың БАӘ, Түркия, АҚШ, Иордания, Оңтүстік Корея, Украина, Ұлыбритания, Жапония, Қытай және басқа да көптеген елдердің ғарыш саласындағы ұйымдармен жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жуырда Жерді дистанциялық зондтау деректерімен алмасу, ЖДЗ жерсеріктік топтамаларын бірлесіп өндіру және коммерцияландыру бойынша ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр.

«Біз байланыс жерсерігін өндіру бойынша өнеркәсіптік кооперацияға, Байқоңыр ғарыш айлағында бірлескен инвестициялық коммерциялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Форум қатысушыларына Қазақстанның байланыс ғарыш жүйелерін және ЖДЗ қаржыландыруды $300 млн дейін жеткізу бойынша жоспарларымен бөлісті, оның ішінде жеке капиталды тарту көзделген. Жақында Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін құру бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталады, бұл кешен ресейлік тараптың бастамасымен «Назарбаев старты» деп қайта аталды.

«Байқоңыр ғарыш айлағында №1 «Гагарин старты» старттық алаңын жаңғырту бойынша жобаны пысықтау жүргізілуде», — деді А. Мамин.

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы жыл сайын 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы іс-шараға әлемнің 25-тен астам елінен 650 қатысушы — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары, ҚР Парламентнің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, «Роскосмос», «Airbus Defence and Space» корпорацияларының өкілдері, отандық және шетелдік ұйымдар: «М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО», «М.Ф. Решетнев атындағы АЖЖ» АҚ, «Транстелеком», «One Web», «Thales Alenia Space», SES, «Leica Geosystems, Satrec Initiative», «Eutelsat» және басқалары қатысты.










Жоғары қарай