Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

2019 жылдың 18 қараша 2019 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИАЖК) отырысында Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) талаптарына сәйкес Қазақстан экономикасындағы бәсекелестік ортаны дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, сонымен бірге АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі У. Мозер, Ұлыбритания елшісі – М. Гиффорд, Канада елшісі – Н. Бруссо, Еуропалық Одақ елшісі – Свен-Олов Карлссон, Канада Премьер-министрінің ЕО мен Еуропадағы арнайы елшісі С. Дион, ЭЫДҰ өкілдері, «Ernst & Young» консалтингтік компаниясының өкілдері және т.б. Қазақстандағы экономикалық бәсекелестікті дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы, сондай-ақ, аталған саладағы саясатты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарымен баяндама жасады.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бәсекелі орта мен монополияға қарсы заңнаманың дамуын экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады», — деді А. Мамин.

Қазақстан қабылдап жатқан бәсекелестікті және іскерлік ахуалды дамыту бойынша шаралар биылғы 10 айда ел экономикасының 4,4%-ға өсуіне, сондай-ақ, Қазақстанның ЕҚҚДБ, ХВҚ, АДБ, Дүниежүзілік банк және Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингілеріндегі позицияларының көтерілуіне ықпал етті. Қазақстанның ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитеттегі статусын арттыру мәселесі қаралып жатыр.

Үкімет басшысы мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендету мақсатында, осы жылдың соңына қарай мемлекет қатысуымен компаниялардың қатысуға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің саны 30%-дан астамға – 347-ден 240-қа дейін азаятынын атап өтті.

Премьер-Министр 2016–2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарындағы 864 активтен қазіргі кезде 500-ге жуығы жекешелендірілгенін айтты, бұл инфрақұрылымды басқарудың өнімділігі мен тиімділігін, құрылыс, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы, өңдеу және басқа да салаларда менеджментті арттыруға мүмкіндік берді.

Үкімет басшысы Қазақстанның экономикалық саясатының басымдықтарының бірі — шағын және орта бизнесті дамыту екенін атап өтті.

«2005 жылдан 2018 жыл аралығында ел экономикасындағы ШОБ үлесі үш есеге жуық – 10,5%-дан 28,4%-ға дейін өсті. 2025 жылға қарай біз бұл көрсеткішті 35%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мақсаттарға қол жеткізу үшін көп жұмыстар атқаруымыз керек», — деді Премьер-министр.

Жоғары қарай