Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Асқар Мамин көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

2019 жылдың 4 тамыз 2019 14:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

«Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Көлік саласының дамуы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты назарында.

Елбасының көлік-логистика саласындағы стратегиялық шешімдерінің арқасында Қазақстан аймақтық логистикалық хабқа және транзиттік әлеуеті дамыған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының осы саладағы бастамаларын сабақтастық негізінде жалғастырып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Үкіметке көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттыруға, еліміздің транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымын одан әрі дамытуға қатысты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда 400 мыңнан астам адам еңбек етіп жатқан еліміздің көлік саласы — экономиканың серпінді дамуының драйверлерінің бірі.

Қазақстан Жібек жолы жобасын қарқынды дамытып, Шығыс мен Батыс арасындағы транзиттік көпірге айналды. Бұл — Қазақстан экономикасының дамуына тың серпін беретін мүмкіндік.

Осы ретте көлік саласы қызметкерлерінің ерен еңбегін ерекше атап өткім келеді. Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Барлық көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мықты денсаулық, отбасыларына мол бақыт, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толайым табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин», делінген хабарламада.

Жоғары қарай