Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Асқар Мамин РФ өнеркәсіп және сауда министрімен кездесті

2019 жылдың 28 наурыз 2019 20:39 906

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Кездесуде көлік құрастыру, ауылшаруашылық және авиациялық техникаларды жасау, өңірлік сервистік орталықтарды дамыту салаларында бірлескен жобаларды, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені жобаларын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту келешегі талқыланды.

Кездесу барысында өнеркәсіп кооперациясы саласында бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Бағдарлама бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді, оның ішінде «Кировец» маркасының тракторларын және оның құрауыш бөліктерін «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен және «Агромашхолдинг KZ» АҚ-мен шығаруды ұйымдастыру, КамАЗ маркасының көлік құралдарына құрауыштарды, кернеуі 110 кВ дейін болатын майлы және құрғақ трансформаторларды шығару, толық циклді автозауыт салу бойынша «АВТОВАЗ» ЖАҚ-пен ынтымақтастықта «Азия Авто Қазақстан» АҚ жобасын іске асыруды қарастырады.

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің айтуынша, «Бағдарламаны іске асыру екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға елеулі серпін береді.

 

 

 

Жоғары қарай