Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Асқар Мырзахметов түйнеменің шығуы туралы: Біз өздігімізден карантин енгізе алмаймыз

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 10:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде Сібір жарасының шығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түйнемемен 4 адамның аурғандығы анықталды. Олар ауруханға жатқызылған. Дәрігерлердің мәлімдемелеріне сәйкес, бүгінгі таңда олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бір-екі күнде олардың барлығы ауруханадан шығарылады. Ал енді олармен байланысты болды делінген адамдар да тексеріліп жатыр. Мұнан бөлек, орын алған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, заң аясында тиісті шаралардың барлығы атқарылуда», - деді Асқар Мырзахметов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өклідеріне.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде карантин енгізу үшін Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми шешімі қажет. Қазіргі уақытта Ветеринария комитеті тарапынан облыс әкімдігіне ешқандай құжат келіп түскен жоқ.

«Сондықтан біз өздігімізден карантин енгізе алмаймыз. Қазір тұрғындарды түйнемені неден жұқтырғанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Асқар Мырзахметов.

Бұған дейін, Жамбыл облысында 4 адам түйнеме жұқтырып, ауруханада жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай