Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Асқар Шәкіров өңір мәслихаттарының хатшыларымен кездесті

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 00:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының хатшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шараға қатысушылар осы жылдың сәуір айында Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның орталық мемлекеттік және жергілікті органдардың басшыларымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды жүзеге асыру барысын талқылады. Ұсынымдар мәслихат қызметтерін заңнамалық жетілдіру және іс жүзінде реттеуге қатысты болды», - деді палатаның баспасөз қызметінен.

Сенат төрағасының орынбасары жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесіндегі, атап айтқанда ел аймақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі мәслихат депутаттарының маңызды рөлін атап өтті. А.Шәкіров бұл ретте Парламент Сенаты өз қызметінде аймақтарды дамыту мәселелерінде заң шығаруда жергілікті өкілді органдармен іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударатынын айтты. Кездесуге қатысушылар Парламенттің жоғарғы палатасында жұмыс істеп келе жатқан Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және «Өңір» депутаттық тобының қызметіне оң баға берді.

«Мәслихат депутаттары өз кезегінде қызметтерін құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да қамтамасыз етуге байланысты өз міндеттерін іске асыру мәселелеріне назар аударды. Аймақ мәслихаттары сайлаған Сенат депутаттарының сайлаушылармен өзара байланысы мен барлық деңгейдегі депутаттардың азаматтық қоғаммен және тұрғындармен өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді», - делінген Сенат ақпаратында.

Кездесуге сондай-ақ Парламент Сенатының депутаты, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚҰ төрағасы Төлеубек Мұқашев, Сенат депутаты, «Өңір» депутаттық тобының басшысы Михаил Бортник қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Жоғары қарай