Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Асқар Жұмағалиев «цифрлық волонтерлерге» үндеу тастады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жастарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы мамандықтар бойынша оқуға түсуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің елде мектептердің бәрі компьютермен қамтылған. Сонымен бірге елдегі мектептердің 94 пайызы интернетке қосылған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бағыты бойынша 2019-2020 жылдары жоғары білімге 19 мың грант бөлінді. Өткен жылы Astana IT университеті ашылды. Келешектің экономикасы жаңа буындағы мамандар араласпай, алға баса алмайды. Сол себепті жастарды осы бағытта оқуға түсуге шақырамын. Өйткені бұл саладағы мамандарға деген қажеттілік күн санап артып келеді», - деді Асқар Жұмағалиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуына қарағанда, қазіргі таңда Қазақстанда аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығы артып келеді.

«Бұрын біздің ата-аналарымыз жастарға ұқсап цифрлық технологияларды қолданады дегенді елестете алмайтын едік. Ал бүгінгі күні ел ішіндегі цифрлық сауаттылық деңгейі 80 пайызға жетіп қалды. Биыл волонтерлер жылы екенін ескере отырып, жастарды аға буынға осы технологияларды үйретуге шақырамын. Алдыңғы буын кезінде бәрімізді оқытты, тоқытты. Енді біз де қарызымызды қайтаруымыз керек. Сол үшін биыл «Цифрлық волонтерлер» акциясын өткізуді ұсынамын», - деді ол.

Жоғары қарай