Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Әскери байланысшылар кәсіби мерекесін атап өтуде

2019 жылдың 19 қазан 2019 14:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 20 қазанда Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери байланысшылар кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында қазақ армиясының байланыс әскерлерінің құрылу күніне орай салтанатты іс-шара болды. Жиынға басшылық құрамы, әскери қызметшілер, сондай-ақ зейнеткерлік демалысқа шыққан Қарулы Күштер мен әскери институттың ардагерлері қатысты. Қызметте ерекше жетістіктерге жеткен әскери байланысшылар мен ардагерлер мадақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталды.

«Әскери байланыс – қазақстандық армияның маңызды құрамы. Әскери қызметші-байланысшыларға күрделі және жауапкершілігі жоғары дәрежеде міндеттер жүктеледі. Қарулы Күштердің күнделікті және жауынгерлік міндеттерін орындаудағы табысы олардың жұмыстарына байланысты» - деп әскери жоғары оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков атап өтті.




Әскери байланысшылар Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында білім алады. Бұл - аталған әскерлерге офицерлерді дайындайтын Қазақстандағы жалғыз әскери оқу орны. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты 2001 жылы құрылып, 2002 жылдан бастап бес жылдық оқыту бағдарламасы бойынша байланысшы курсанттарды қабылдауды бастады.

Әскери институттың қабырғасында әскери байланысшылар байланысты орнату және байланыстың әскери техникасы бойынша екі кафедрада дайындалады. Кафедралардың қазіргі заманғы зертханалық базасы бар. Институт аумағында оқу стационарлық байланыс торабы ашылған. Мұнда кусанттар практикалық және тактикалық-саптық сабақтарды орындауда мамандық бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануда және жауынгерлік қолдануда практикалық тәжірибені жинақтайды.




Сонымен қатар, далалық оқу байланыс торабының автомобиль базасында байланыс құралдары бар. Курсанттар кешенді арнайы тактикалық сабақтарында маршты орындауда, байланыс тораптарын өрістету және орау, жауынгерлік бекеттердің жұмысы және жедел-техникалық құжаттамаларды пысықтауда алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекітеді.

Жоғары оқу орнының барлық оқытушылары кәсіби-педагогикалық даярлықтан, инженерлік-техникалық лауазымдарда жеткілікті деңгейде әскери тәжірибесі бар. Бұл арқылы білікті әскери мамандар дайындалады. Институт түлектері бакалавр дәрежесінде жинаған білім қоржынымен, қару-жарақта тұрған барлық байланыс құралдарын пайдалану және жауынгерлік қолдану дағдыларымен әскерге қызмет етуге жіберіледі.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының 18 жылдық тарихында 200-ден аса офицер-байланысшы дайындалып, түлеп ұшты. Бүгінгі таңда олардың барлығы Қазақстанның Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жауынгерлік борыштарын өткеруде.










Жоғары қарай